Жаңалықтар

Интернет алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар таратып жатыр

Интернет алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар таратып жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 30.06.2024 16:37 604

Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта ведомство басшысы Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мұндай хабарламалар алаяқтардың ісі деп отыр.

Аида Балаева мен Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз,-делінген министрлік мәліметінде.

Ведомство мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады:

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.
2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға