x.com/Inter

«Интер» «Қайратпен» өтетін ойынды келеке етті

Италияның «Интер» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімінің қорытындысын әжуаға айналдырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Италиялық ұжым өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. «Интердің» ресми аккаунтындағы коллажда «Қайратпен» ойнайтынын естіген ашулы ит көрініс тапқан, дегенмен ойынның өз алаңында өтетінін естіген бойда оның көңілі жай табады.

Сегіз сағатты үнемдедік, - делінген суреттің астындағы жазбада.