Жаңалықтар

Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған

Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
Фото: © Pixabay.com 15.12.2024 15:06 207

Екібастұз полициясына зейнеткер әжей хабарласып, көмек сұраған. Айтуынша, шотынан белгісіз адам шамамен 13 млн теңгесін ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зейнеткердің 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін инсульт бөлімшесінде ауруханада емделгені анықталды. Онымен бірге палатада бірнеше пациент болған, олардың барлығынан тергеуші жауап алған.

Нәтижесінде "Каспи" мобильді қосымшасына заңсыз кіру жолымен зейнеткердің шотынан ақша ұрлығын жасаған жас әйел анықталды. Күдікті өз әрекетін мойындады. Айтуынша, ұрлық ашылып, оны табады деп ойламаған,-деді Павлодар облыстық полициядан.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу туралы міндеттеме тағайындалды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға