Инфляцияны төмендету керек – Ұлттық банк төрағасы
04.09.2023 10:55
Фото:
instagram.com/national_bank_of_kazakhstan
Бүгін ғана Ұлттық банк төрағасы болып сайланған Тимур Сүлейменов инфляцияны төмендету керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біздің экономикамыз үшін ең қауіпті процесс – инфляция. Сондықтан онымен күресіп қана қоймай, оны төмендету де керек. Бірнеше аптадан кейін журналистерді шақырып, сұхбат беретін боламын, - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында банктердің пайдасы жайлы айтқан болатын.
Өткен жылы банктердің таза табысы 1,5 триллион теңгені құраған. Президенттің сөзіне қарағанда, мұндай жоғары табыс банктердің тиімді жұмысының нәтижесі емес, базалық мөлшерлеменің тым жоғары болуынан деп отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

