Индонезияда екі қазақстандық өлім жазасына кесілуі мүмкін
26.06.2025 09:40
Фото:
©El.kz/Артем Чурсинов
Олар сәуір айында Бали аралында ұсталған, олардың қолынан шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл фактіні растады.
Аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді. Қазақстанның Джакартадағы елшілігі тергеу органдарымен және айыпталушылардың туыстарымен байланыста. Бұл мәселе қазақстандық дипломаттардың бақылауында тұр, – деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін СІМ ресми өкілі Иранда қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар-жоғына қатысты жауап берген. Сонымен қатар Таяу Шығыстан келуі мүмкін босқындар жайлы да пікір білдірген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

