Индонезияның Бали аралында жүздеген турист Левотоби Лаки-Лаки жанартауының атқылауына байланысты өңірден шыға алмай отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атқылау салдарынан аспанға көтерілген күл бағанының биіктігі 8 шақырымға дейін жеткен.
Жергілікті билік жанартау маңындағы қауіп деңгейін ең жоғарғы деңгейге дейін көтеріп, өңірде 14 күнге төтенше жағдай жариялады. Жанартау маңындағы елді мекендерден 4,5 мыңнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Тұрғындарға алдағы күндері жауатын нөсер жауын салдарынан балшық араласқан лава тасқындарының жүру қаупі туралы ескерту жасалды. Қазіргі таңда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

