Жаңалықтар

Импорт көлемінің артуы төлем балансының ағымдағы шотына қысым көрсетеді

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары мәлімдеді
Импорт көлемінің артуы төлем балансының ағымдағы шотына қысым көрсетеді
Фото: nationalbank.kz 21.12.2022 12:00 1578

Ұлттық банктің болжамы бойынша, 2022 жылы төлем балансының ағымдағы шоты 6,4 млрд АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Негізгі компоненттер мынадай. Тауар экспорты 2021 жылмен салыстырғанда 40%-ға жуық (шамамен 39,9%-ға) өсіп, 84,4 млрд долларды құрайды. Бұл ретте тауарлар экспортының жалпы көлемінің 55,3%-ы мұнай және газ конденсатының үлесіне тиеді, оның өсуі 15,6 млрд АҚШ доллары боладыдеп күтілуде және ол 46,7 млрд АҚШ долларын құрайды. Тау-кен өнеркәсібінде шетелдік инвесторлардың жоғары шоғырлануына байланысты шикізат бағасының өсуі тікелей шетелдік инвесторларға төлемдердің ұлғаюына әкеліп соқтырады, бұл табыс тапшылығын 11,7%-ға, 27,7 млрд долларға дейін арттырады. Тұрақты сұраныс импорттың одан әрі 2022 жылы 17,6%-дан 48,9 млрд долларға дейін өсуін ынталандырады.

Орта мерзімді перспективада ағымдағы операциялар шотының профициті 2023 жылы 1,9 миллиард долларға, 2024 жылы 1,2 миллиард долларға және 2025 жылы 0,6 миллиард долларға дейін қысқарады деп күтілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға