Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
23.11.2022 19:48
1371
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі ҰҚШҰ-ның жоғары органы саналады.
Оның құрамына мүше мемлекеттердің басшылары, атап айтқанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Президенттері кіреді. Дәл осы кеңестің келісімімен ҰҚШҰ бас хатшысы тағайындалады.
ҰҚШҰ бас хатшысы ұйымның жоғары әкімшілік лауазымды тұлғасы саналады және ұйым хатшылығына басшылық жасайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жастар санатының жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылады
Келесі жаңалық
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды