Жаңалықтар

Иман Хелифтің ағзасынан ерлердің хромосомалары анықталды

Иман Хелифтің ағзасынан ерлердің хромосомалары анықталды
Фото: Le Correspondant 05.11.2024 14:25 868

Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанған алжирік боксшы Иман Хелиф гендерлік тест тапсырып, нәтижесін оның бойынша ерлерге тән XY хромосомалары бары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хелифтің медициналық сараптамасын оқыған француз журналисі Джаффар Аит-Аудьяның айтуынша, МРТ қорытындылары Иманның аталық безі және микропенисі бар екенін көрсеткен.

Hindustan Times мәліметінше, есепте боксшының биологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Нақтырағы, оның жатыры да жоқ болып шықты. 

2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифке Нью-Делиде өткен әлем чемпионатына қатысуға тыйым салған. Сөйте тұра ол Парижде бақ сынап, чемпион атанды.

Олимпиада ойындарында Иман Хелифтің соққысынан соң италиялық Анджела Карини айқасты жалғастырудан бас тартып, бұл жайт көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға