ҚИМА МӘДЕНИЕТІ
ҚИМА МӘДЕНИЕТІ, қола дәуірінде б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап, б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында шығысы Жайық өз., батысы Днестр өз., оңт. Қара т-ге, солт. Кама өз-нің сол жағалауына дейінгі аймақты мекендеген тайпалар қалдырған. Қ. м-нің кейбір ескерткіштері бұл аймақтан тыс жерлерде де кездеседі. Жерлеу ғұрыптары бірыңғай және қабір ішінің төрт жағын қиылған бөрене ағашпен қалап өріп шығару әдісі жаппай қолданылғандықтан, үй салу тәсілі біркелкі болғандықтан Қ. м. деп аталған. Мүрделер қабірге бір қырынан, тізесі бүгілген күйінде жатқызылған. Олардың жанына қойылған қыш ыдыстар қола мен тастан жасалған бұйымдарға қарағанда басым. Қыштан жасалған ыдыстар түбі жалпақ, бүйірі шығыңқы, кейбіреулері банка тәрізді болып келеді. Біразында геом. өрнектер бар. Қ. м-нің басты ерекшеліктері – жер өңдеу мен мал ш-ның дамуы, қола құю ісінің өркендеуі. Аңшылық барынша қанат жайған. Қ. м-не жататын ең негізгі қоныстар деп Волгоград маңындағы Ляпичев хуторындағы, Самара обл-ндағы Хрящевка дер. қасындағы, Ырғыз бойындағы ескерткіштерді атауға болады. Ляпичев хуторы маңындағы қоныстан 20 үй орны аршылған. Олардың үшеуі ұз. 15 –
Әдеб.: Сальников К.В., Очерки древной истории Южного Урала, М., 1967; Гальперина Г.Р., Доброва Е.В., Популярная история археологии, М., 2002.
Ж. Құрманқұлов
"Қазақ энциклопедиясы"

