Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды
25.11.2024 03:40
Фото:
Patrick Pleul / AP
Tesla компаниясының атқарушы директоры және X платформасының иесі Илон Маск 2021 жылғы өз рекордын жаңартып, тарихтағы ең бай адам атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Bloomberg агенттігі жариялаған «Миллиардерлер индексіне» (Bloomberg Billionaires Index) сәйкес, Масктың байлығы өткен аптада $35 миллиардқа артып, қазіргі уақытта $348 миллиард деп бағаланып отыр.
Екінші орынға Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос түсті. Оның байлығы $219 миллиард деп есептелген. Үшінші орынды Oracle корпорациясының басшысы Ларри Эллисон иеленді. Оның байлығы $206 миллиардқа тең.
Bloomberg агенттігі 2012 жылдың наурыз айынан бастап әлемдегі ең бай 500 адамның байлығын қамтитын Bloomberg Billionaires Index-ті жариялап келеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

