azertag.az

Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения бейбіт келісімге қандай жағдайда қол қоятынын айтты

Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Армения арасында қандай жағдайда бейбітшілік шартына қол қойылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Аzertag агентігіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы. 

Бүгін атап өткенімдей, бейбіт келісімшарт екі мәселе шешілгеннен кейін бірден қол қойылуы мүмкін: Армения Конституциясының өзгеруі және ЕҚЫҰ-ның Минск тобының таратылуы, – деді ол. 

Бұл туралы Әзербайжан басшысы III Шуша жаһандық медиафорумында сөйлеген сөзінде айтты. 

Иә, келісімнің мәтіні алдын ала бекітілуі мүмкін, мұндай ұсынысты Әзербайжан тарапы Абу-Дабиде жасаған болатын. Бірақ, сіздер білесіздер, құжатты парафирлеу оның толық қол қойылғанын білдірмейді. Ауызша келісім беру бір бөлек, құжаттың әр бетіне қол қою басқа нәрсе. Дегенмен, біз бейбіт келісімге өте жақынбыз деп ойлаймын, – деп толықтырды Ильхам Әлиев. 

Бұдан өзге ол Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерге көмектесуге ұмтылғаны үшін АҚШ Президенті Дональд Трампқа алғыс айтты.

АҚШ Президенті (ред. – Дональд Трамп) халықаралық қауіпсіздік мәселелері сияқты жаһандық проблемалармен айналысып жатқанына қарамастан, Оңтүстік Кавказдағы жағдайға да назар аударып отыр. Біз оның жеңісіне қуаныштымыз, оған көптеген себептер бар. Әрине, оған сәттілік тілейміз, – деді ол. 

Біз бұған дейін Әзербайжанда аталған ел Президентінің қатысуымен III Шуша жаһандық медиафорумы өтіп жатқанын жаздық. Жиында сөз сөйлеген Ильхам Әлиев өз саясатының негізгі қағидаларын атады.