Жаңалықтар

Іле-Балқаш резерватының жолсыз аумағында өрт шықты

Іле-Балқаш резерватының жолсыз аумағында өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 08.07.2023 09:53 929

Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында адам аяғы жетпейтін аумақта тағы өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күн бұрын кешкі сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде "Іле-Балқаш "МТР" РММ аумағында космомониторинг суреттерінің деректері бойынша қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерлері бар аралдарда қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама алғанын мәлімдеді. Қазір өрт шарпыған аумақтың ауданы анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 2 Кордон аумағында қамыстың жанғаны белгілі болды. Оның ішінде "Вагон" кордонында сағат 03:30-да қайық пен мотопомпаны пайдалана отырып, қабылданған шаралармен өрт оқшауланды. Сондай-ақ, Наурызбай қордонында (2 тоқсан, 1 телім) шамамен 20 га.алаңда 5 ошақта қамыстың жануы тіркелді. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің қос ошағы толық жойылды.

"Іле-Балқаш "МТР" РММ және Алматы облысы ТЖД 22 адам мен 8 техника бірлігінің күшімен (олардың арасында
мотопомпалары, жүзу құралдары бар) өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған өрттен жақын маңдағы елді мекендерге қауіп жоқ. Қарой ауылының ең жақын елді мекені 30 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға