Жаңалықтар

«Іле-Балқаш» резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті

Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген
«Іле-Балқаш» резерватындағы бұқар бұғыларының саны 150 басқа жетті
Фото: egemen.kz 11.07.2022 13:00 2030

Мемлекеттік табиғи резерваттқа тағы да бұқар бұғылары жіберілді, деп хабарлайды El.kz Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан «Іле-Балқаш» резерватының аумағына 61 бұғы әкелінді. Қазір аталмыш жануардың жалпы саны-150 басқа жетіп отыр. 

Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ, үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылды. Аталмыш құрылғының жануарларға еш зияны жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, бұқар бұғылары «Іле-Балқаш» резерваты аумағына төртінші рет жіберілді. 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас жіберілген. Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. 

Айта кетейік, бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға