Іле Алатау тауының Қаскелең шатқалында өзін жайсыз сезінген турист құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, тауға бес турист аттанып, солардың бірінің жағдайы нашарлаған. Байланыстың жоқтығынан және топта қарт әйел мен балалар болғандықтан, топ жетекшісі қызды тастап, оларды түсіріп, ТЖМ құтқарушыларын көмекке шақыруға мәжбүр болды.
ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тұраққа түскен өтініш берушілерге жетіп, аталған координаттар бойынша зардап шегушіні іздестіруге кірісті. Іздестіру жұмыстары 16 сағаттан астам уақыт өтті.
Зардап шегушіні тауып алғаннан кейін құтқарушылар оған алғашқы көмек көрсетіп, оны тұрақта күтіп тұрған туыстарына жеткізді, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда Ұлттық ұлан сарбаздары 3 жасар қызды аман алып қалды
Келесі жаңалық
Қазақстанда Сібір жарасының жиілігі екі есе төмендеді