Жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркі барысты құтқарды

Сирек кездесетін аң Алматы хайуанаттар паркіне жөнелтілді
Іле Алатауы ұлттық паркі барысты құтқарды
Фото: Instagram/ile_alatau_nationalpark 09.12.2022 23:15 3615

Іле Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері Ақсай шатқалында жүрген барысты құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ілбіс (барыс) - кәрі және тістері сынған әрі жүдеу, өте әлсіз екені анықталған. Табиғат жанашырлары ауру жануарды емдеу үшін тиісті органдар мен ветеринарлардан кеңескені белгілі болды.

Ол Алматы хайуанаттар бағына орналастырылады.

Ұлттық парк тарапынан, сирек кездесетін аңды құтқару үшін тиісті орындарға хат жолданып, нәтижесінде Орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатымен, Ұлттық парк мамандары мен Алматы хайуанаттар бағы ветеринар дәрігерлері, Зоология институтының ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен 8-ші желтоқсан күні кешқұрым ілбіс (барыс) ауланып, акт толтырылып, Алматы хайуанаттар бағына жөнелтілді. Ілбіс (барыс) - кәрі және тістері сынған әрі жүдеу, өте әлсіз екені анықталды. Ендігі кезекте биік таудың көркі ілбіс емделіп қалпына келсе, қала тұрғындары мен Республика халқы хайуанаттар бағынан көріп тамашалайтын болады, - делінген ұлттық табиғи парк таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға