Іле Алатауы тауларында ТЖМ құтқарушылары жарақат алған адамға көмектесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТЖМ мәліметінше, Мәншүк Мәметова көлінің маңында тауға шығу кезінде жас жігіт аяғын қайырып алған. Көмекке «Тұйық-су» бақылау-құтқару бекетінің құтқарушылар экипажы шықты.
Қызметтік көлікпен №6 көлге жетіп, құтқарушылар ары қарай жаяу көтерілді. Оларды зардап шегушіге алғашқы медициналық көмекті көрсеткен альпинисттер қарсы алды. Құтқарушылар ер адамды альплагерьге дейін түсіріп, содан кейін «Медеуге» жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

