Іле Алатауы тауларында құтқарушылар адасқан адамға көмек көрсетті
28.06.2025 20:46
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысында «Алма Арасан» шатқалынан «Терра» алаңына қарай бет алған екі жас жігіттің бірі жолдан адасы, ТЖМ құтқарушылары іздеп тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жолдасымен байланыса алмаған екінші жігіт ұялы телефон байланысы бар «Проходная» шатқалына жетіп, құтқарушыларға хабар берген.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмылдырылды. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде адасып кеткен азамат табылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
ТЖМ азаматтарды таулы аймақтарға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және бағыттан ауытқымауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

