Жаңалықтар

ІІМ жолдардағы жағдай мен көлік сүйемелдеуі туралы айтты

ІІМ жолдардағы жағдай мен көлік сүйемелдеуі туралы айтты
Фото: polisia.kz 05.01.2025 04:32 455

Ішкі істер министрлігі 3 қаңтарында еліміздің сегіз облысында 15 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында қозғалысқа шектеулер қойылды. 

Тәулік ішінде полиция қызметкерлері 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл және 890 жүк көлігі болды. Ал 4 қаңтар күні "Астана-Щучинск" тасжолының учаскесінде шамамен 4 500 көлік құралын сүйемелдеу ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға