Polisia.kz мәліметінше, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 13 заңсыз мал сою цехтары анықталды. Полиция мал ұрлығына 131 адамның қатыстылығын анықтады, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі.
26 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Жалпы мал ұрлығының 135 дерегі ашылып, 580-нен астам жануар иелеріне қайтарылды, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталды. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған. Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 бас ұсақ малды қолды еткен. Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқыны ұрлап әкеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

