Жаңалықтар

ІІМ Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады

ІІМ Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады
Фото: gov.kz 10.11.2023 13:15 5920

Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ақпарат бере алмаймын, - деді Сәрсенов.

Вице-министр сондай-ақ мейрамхана қызметкерлері әрекетсіздік үшін жауап беруі керек пе деген сұраққа жауап берді:

Қазір бұл іс бойынша Тергеу департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар кейінірек түсініктеме береді,- деді ол.

Айта кетейік, Астанадағы мейрамханалардың бірінде ер адамның әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Кейіннен күдікті ретінде бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, ол әйелі Салтанат Нұкенованы соққыға жығып, дене жарақатынан әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға