Жаңалықтар

ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жобасы әзірленбек

ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жобасы әзірленбек
Фото: gov.kz 30.01.2023 10:51 775

 Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жж арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.       

Ол мемлекеттік органдардың, кәсіби полицияның және қауымдастықтың ынтымақтастығы және бірлестігі нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алудың тұтас жүйесін құрудың негізі болады.         

Тұжырымдаманың негізгі басымдықтары:

– құқықтық мемлекеттің негізі ретінде қауіпсіз қоғам құру үшін жағдай жасау;

– азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін және құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау;

– қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен серіктестікке негізделген қазіргі заманғы алдын алу жүйесіне айналдыру;         

Шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, одан әрі іс-қимыл стратегиясы әзірленуде.         

Құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тетіктерін құру көзделуде.         

Қылмыс – бұл тек полиция қызметіне ғана байланысты әлеуметтік құбылыс емес екенін ескере отырып, Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді осы жұмысқа тартып, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату жоспарлануда, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есеп берудің ашық жүйесін қалыптастыру көзделуде.         

Сонымен қатар, Тұжырымдамада полиция жұмысын түрлендіру, бюрократиялық жүйеден қоғамның қажеттіліктеріне, адамға бағытталған,  клиентке бағытталған модельге көшу шаралары бекітіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға