Жаңалықтар

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: polisia.kz 28.11.2024 10:07 127

Ішкі істер министрлігі құқықтық тәртіпті және кез келген заң бұзушылық үшін міндетті жазалауды қамтамасыз ету шараларын күшейтті. Осы орайда ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, басты қағидат – заң мен тәртіп.

ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті жедел басқару орталықтары мен патрульдік қызметтің жұмысын белсенді қадағалауда. Жедел басқару орталықтары патрульдік полицейлердің жұмысын тәулік бойы бақылауда ұстайды. Қызметкерлер өздігімен сөндіре алмайтын «смартжетондармен» жабдықталған. Бұл құрылғылар белгіленген талаптардан ауытқуға мүмкіндік бермейді, барлық әрекеттер үнемі жазылып отырады, - деді ол.

Сонымен қатар ол жасанды интеллект қосылған бейнебақылау камераларынан алынған деректерді талдайтын жүйе қолданылып жатқанын, ал бұл кез келген құқық бұзушылықты анықтауға және оны жедел әшкерелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Полицияның жұмысы әрбір заң бұзушыны оның мәртебесі мен лауазымына қарамастан тиісті жауапкершілікке тартуға бағытталған. Ешкімге ешқандай артықшылық берілмейді. Патрульдік полицейлер заң талаптарын қатаң түрде сақтайтынын атап өткім келеді. Олардың тарапынан кез келген заңсыз әрекеттер үшін сәйкесінше жауапкершілік көзделген. Біз азаматтарды заңды сақтауға, полицейлердің заңды талаптарын орындауға, лауазымды тұлғаларға пара ұсыну әрекеттеріне бармауға шақырамыз, - деп қосты ол.

Алекегев ІІМ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында тиісті меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Оның аясында жемқорлықпен күрес одан әрі нығая түспек. Егер сiз қызметкерлердің әдепсіз іс-әрекеттерінің куәсі болсаңыз, дереу ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарласыңыз. Тек бірлесе жұмыс істей отырып, біз қоғамда қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және әділеттікті қамтамасыз ете аламыз, - деді Шыңғыс Алекешев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға