ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді көрсетті
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен “Іздестіру” операциясын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Екі күндік операция барысында республиканың криминалдық полиция қызметкерлері ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау бойынша бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 283 іздеуде жүрген қылмыскер анықталды және ұсталды, оның ішінде кісі өлтіргені үшін – 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін – 9, қарақшылық шабуылдар үшін – 3 және тонау жасағаны үшін – 5, олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде – 20 (Ресейде – 10, Қырғызстанда – 4, Өзбекстанда – 3, Арменияда – 2, Молдова мен Түрікменстанда – 1); Достастық елдерінде – 134 (Ресейде – 78, Өзбекстан – 31 және Қырғызстанда – 18, Тәжікстанда – 2, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда – 1).
Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған адам анықталды.