Жаңалықтар

ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялайды

ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялайды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 18.06.2024 11:44 240

Полиция күні қарсаңында ІІМ “Серт” үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байқаудың басты мақсаты – елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полицейлердің ерлігін насихаттау, халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қазақстандық детектив жанрын дамыту.

Биылғы жылы конкурсқа барлық ниет білдірушілерден бөлек полиция бөліністері де қатыса алады. Бұрын жарияланбаған детективтік шығармалар ағымдағы жылдың қазан айына дейін қабылданады. Туындылар конкурс туралы ережеде көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Байқаудың шарттарымен ІІМ ресми порталында танысуға болады.

Байқау қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, қоғам қайраткерлерінен, журналистерден және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады. Жеңімпаздардың есімі жыл соңында жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға