Жаңалықтар

ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды

ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды
Фото: ҚР ІІМ 04.11.2024 16:28 394

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа бейінді департамент құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметіше, бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.

Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысатын болады.

Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке  неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Саденов.

ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға