ІІМ: 2024 жылы Қазақстанда рекордтық көлемде төлқұжат шығарылды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
06.01.2025 09:27
361
2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды. Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды.
Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға