Үкімет

III ТМД елдері ойындары: Дмитрий Ким алтын, Александра Ле күміс медаль жеңіп алды

04.10.2025 20:48

Әзербайжанның Гянджа қаласында нысана көздеуден III ТМД елдері ойындарының алғашқы жүлделері өз иесін тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда Дмитрий Ким ешкімге дес бермеді. Ол финалда 249.4 ұпай жинады. Тағы бір отандасымыз Никита Шахторин финалда 5-орын алды.

Әйелдер арасында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) Александра Ле күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз ақтық сында 253 балл жинады. Ал Елизавета Безрукова 4-сатыға жайғасты.

Қазір Қазақстан құрамасының III ТМД елдері ойындарындағы алтын саны төртеуге жетті.