Шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың төрағалығымен өткен жиында шаруа иелерін минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабаралайды El.kz. Бұлтуралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.
Кеңеске Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Химия өнеркәсібі басқармасының басшысы Лаура Өтемұратованың айтуынша, бүгінде нарықта бейорганикалық тыңайтқыштардың 9 түрі қолданылады. Олардың қатарында жоғары сұранысқа ие тыңайтқыштардың 5 түрі бар, яғни селитра (азотты), МАФ/ДАФ немесе аммофос (екі компонентті), аммоний сульфаты (азотты), карбамид (азотты), NPK немесе күрделі (үш компонентті).
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2023 жылға арналған жоспарлы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100 мың тоннаға артық (2021 жылы - 604 мың).
Қазіргі уақытта нарықтың жартысына жуығы импортталған тыңайтқыштарға тәуелді. Бұл мәселені шешу үшін бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.
"ҚазАзот" АҚ 2026 жылға қарай аммиак-карбамид кешенін салуды жоспарлап отыр. Зауыттың қуаттылығы – 500 мың тонна аммиак, 500 мың тонна селитра, 500 мың карбамид. Осылайша, 2028 жылға қарай толық қуатқа шыққан кезде селитраны өндіру көлемі жылына 900 мың тоннаға дейін артады. Сондай - ақ ішкі нарықтың карбамидке деген қажеттілігін толығымен жабамыз", - деп атап өтті Лаура Өтемұратова.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың наурыз айында "Қазфосфат" ЖШС мен "Уралхим"БХК" АҚ (РФ) арасында сұранысқа ие тыңайтқыштарды өндіруге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Меморандумға қол қойылды. Осылайша аммиак және кешенді тыңайтқыштар өндірісі бойынша бірлескен жобаны іске асыру көзделіп отыр.