Жаңалықтар

ИИДМ: Елдегі жылыту жүйелерінің көбі тозған

ИИДМ: Елдегі жылыту жүйелерінің көбі тозған
30.06.2022 02:41 1205

Еліміздегі энергия тиімділік бойынша жұмыстың маңызды әрі өзекті бағытының бірі – орталықтандырылған жылыту жүйелерінің энергия үнемдеу мәселесі, деп хабарлайды EL.KZ ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 70 пайызға жуығы орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Десе де жылыту жүйелерінің көпшілігі тозған. 20-40 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп жатқан жүйелер заманауи талаптарға сай келмейді. Бұдан бөлек, елімізде тұтынушылардың 50 пайызы әлі күнге дейін жылу шығынын есептеу аспаптарын орнатпаған. Сәйкесінше, тұрғындар жылуға жұмсалған нақты шығынды білмегендіктен, жұмсалған қаржыны анықтай алмайды - делінген хабарламада.

Сондықтан да орталықтандырылған жылыту жүйелерін жаңғырту энергия мен шығынды үнемдеуде маңызды рөл атқарады.

Бұл тарапта жылу қазандықтарын жаңарту мен қалпына келтіру (орташа алғанда 65-70 пайыз) үлкен маңызға ие. Жылу өндірудің заманауи технологияларының арқасында бүгінде бұл тараптағы көрсеткішті 90 пайыздық межеден асыруға болады.

Әсіресе энергия тиімділікті заманауи қазандық технологиялары мен жылуды рекуперациялау жүйелері (ауа жылытқыштар, экономайзерлер) және когенерацияны орнату есебінен арттыруға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға