«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.
Бұл флешмобтың мақсаты – қоғамда қайырымдылық пен волонтерлік қызметті насихаттау, азаматтарды игі істер жасауға ынталандыру.
Флешмоб барысында ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Толық ақпаратты Qazvolunteer.kz сайтынан және әлеуметтік желілердегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан алуға болады.
Бұл бастама қоғамда мейірімділік пен өзара көмек мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
