Жаңалықтар

Ига Швентек «Ролан Гарростың» төрт дүркін жеңімпазы атанды

Ига Швентек «Ролан Гарростың» төрт дүркін жеңімпазы атанды
Фото: x.com/rolandgarros 09.06.2024 07:19 555

Үлкен дулыға санатындағы «Ролан Гаррос» турнирінің қыздар арасында жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін екі жыл қатарынан үздік шыққан поляк Ига Швентек бұл жолы да сол нәтижесін қайталады. Осылайша, ол аталған турнирдің төрт дүркін чемпионы атанып отыр.

Финалдық кездесуде Швентек италиялық Ясмин Паолинимен (#15) кездескен болатын. Небәрі 1 сағат 9 минутқа созылған матч 6:2, 6:1 есебімен аяқталды. 

Ойын барысында польшалық теннисші 5 брейк-пойнт жасап, бір де бір дабл-фолға жол берген жоқ. Ал қарсыласы екі дабл-фол жасап, небәрі бір брейк-пойнтты жүзеге асырды.

Айта кету керек, бірінші сетте 1:2 есебімен жеңіліп тұрған Ига қатарынан бес геймді алып, кезеңді 6:2 есебімен жапты.

Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирін 2020, 2022, 2023 жылдары жеңіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға