Жаңалықтар

Идеясы алымды Азамат

Телеарналардағы көрсетілімдердің арқасында ойын жүзеге асырып, нәтижелі жұмыстарымен көзге түсіп жүрген жастар қатары да арамызда кездеседі
Идеясы алымды Азамат
26.03.2018 10:32 3431

Теледидар – адамның қажеттілігін өтеп отырған ақпарат құралының бірі. Онда көрсетілетін әрбір дүние көрерменнің ойындағы сұрағына жауап берсе, енді бірінің дүниетанымының кеңеюіне жол ашады. Мұнда көрсетілетін тарихи тұлғалар мен киелі мекендер, ғылыми зерттеулерге қатысты түрлі бағдарламалар көрерменнің қызығушылығын арттырып, тың идеялар туғызып, кейін өз нәтижесін де бере бастайды. Телеарналардағы көрсетілімдердің арқасында ойын жүзеге асырып, нәтижелі жұмыстарымен көзге түсіп жүрген жастар қатары да арамызда кездеседі. Соның бірі – Азамат Маратұлы. Үлгілі оқушы атанып жүрген Азамат Абдулла жетпіс жылдық тарихы бар №11 мектептің бітіруші түлегі. Оның ұсақ-түйек нәрселерді зерттеп, іші-сыртына мән беріп, бұзып көзбен көруі қызығып істейтін жұмысы екен.

Азаматтың қызығушылығымен басталған зерттеу 2015 жылдың ақпан айында өз нәтижесін береді. Аталмыш білім ордасы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының грант иегері атанады. Бағдарлама мен жоба арқасында иеленген жүлде – күн сәулесі арқылы  суды жылытатын коллектор. Бұл бағдарлама – адамдардың өмір сүруін жақсартуға бағытталған, оңтайлы өзгерістерді қолдайтын, даму мәселелеріне қатысты дүниежүзілік жүйе болып табылады.

Азамат Абдулла: «Бұл жүйенің жұмыс істеуінің ерекше және ең тиімді тұсы ешқандай тоқ көзінің керек еместігінде. Күннің сәулесі іштегі орнатылған қондырғыға барып суды жылытады. 200 литрлік бөшкедегі суды 40 – 50 градусқа дейін ысытады. Ал бұл температура жаз мезгілінде 80 градусқа барады. Коллектордың ішкі құрылысында 20 түтікше орналастырылған. Әрқайсысында «антифрис» деп аталатын сұйықтық бар. Оның қызметі – суық күндері суды қатырмайды.  Тек ауа салқындығы -50 градус болса ғана өз жұмысын тоқтатады. Бұл коллектор мектебіміздің асханасында орналастырылған»,-дейді.

Тоқты үнемдеудің жолдарын біліп, оны пайдаланып, жүзеге асыру қоғамымызға, мемлекетімізге пайда алып келетін жұмыс. Азаматтың ізін жалғастырсам деп қызығушылық танытып жүрген мектеп оқушылары аз емес екен. 10 сыныптың Дархан Сұлтан және Мақсат Нұрлыбек есімді жігіттері осындай зерттеулерді әрі қарай дамытуға ниетті. Химия және физика саласына көп үлес қоссақ деп алдарына үлкен мақсат қояды. Жалпы, 11 мектеп оқушылары білім жағынан республикалық байқауларға қатысып,  бақ сынасып, ғылыми зерттеулер мен жобалар ұсынып жүрген,  өнерден де қалыс еместігін дәлелдеп келе жатырған тарихи білім ордасы. Оған дәлел, жарыстардан жүлделі орындармен оралуы, түрлі марапаттары мен жетістіктері. Кейін болашақты одан әрі дамытатын, жалғастыратын, еркін еліміздің жарқын жастарына тек сәттілік пен зор ынта тілейміз. Мектеп ұжымы да алдағы уақытта өз дәстүрінен айнымай, тарих толқынындағы танымды жолынан таймай, саналы ұрпақ – ел болашағын тәрбиелей бермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға