Жаңалықтар

«Идеологиялық тұрғыда бақылау қажет». Қанат Айтбаев отандық фильмдерді сынады

«Идеологиялық тұрғыда бақылау қажет». Қанат Айтбаев отандық фильмдерді сынады
Фото: facebook.com/dimashali 28.11.2024 17:16 161

Қазақстандық танымал әнші Қанат Айтбаев отандық киноның сапасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайбергеннің әкесінің айтуынша, бүгінгі фильмдердің сапасы сын көтермейді, сондықтан оларға мемлекет тарапынан бақылау қажет.

Елімізде кейінгі кезде жарыққа шыққан кейбір фильмдерді  көріп түсінгенім, кино түсіру саласын мемлекет тарапынан лицензиялап, әдеби, идеологиялық тұрғыда нақты бақылау орнату қажет. Көптеген «фильмдерде» мән, мағына, тәрбие, әдеби тіл дегендер атымен жоқ. «Режиссерлер» өз өресінің деңгейіндегі - боқтығы араласқан шұбар тілді дүниелерін көрерменге еш кедергісіз ұсынып жатыр, - деп жазды өнер иесі.

Қанат Айтбаевтың сөзінше, мұның бәрі жас ұрпаққа кесірін тигізбей қоймайды.

Өскелең ұрпақ ұлттық құндылықтан сусындап, рухани өркендеудің орнына, азғындыққа жетелейтін не болса соны көріп жүр. Лас нәрсені күнде көрген адамның жан дүниесі кірлейді, сұлулыққа сүйсіну, әдемілікке, ізгілікке ұмтылу деген қасиеттерден жұрдай болады... Қоғамда жан дүниесі кірлеген адамдар көбейсе, не болатынын бағамдай беріңіз... – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға