Видеодан кадр

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев ұсталды

Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін көпшіліктің қызу талқысына түскен Хасан Қасымбаев ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаменті Қасымбаев 2 қараша күні ұсталғанын мәлім етті. Бірақ ол басқа іс бойынша күдікке ілініп отыр. 

2024 жылғы 2 қарашада Азамат Қ. 2021 жылғы маусымда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, азамат А-ны ұрлау күдігімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайын жан-жақты, толық, объективті түрде қамтамасыз ету үшін кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Іс материалдары сотқа бұлтартпау шарасы үшін жолданды. Тергеу облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауында, - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 4 қазанда Талғардағы дүкендердің бірінде атыс болып, салдарынан 16 жасар Шерзат Болат қайтыс болды. Қазіргі уақытта бұл іс бес бап бойынша тергеліп жатыр