Жаңалықтар

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады

«Хутор» бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады
Фото: видеодан алынған кадр 15.10.2024 09:33 10316

Желіде Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне күдіктілердің басшысы делінген Хасан Қасымбаев үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл іске ешқандай қатысы жоғын, жалған ақпарат тарап жатқанын айтады.

Құрметті қазақ елі! Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттағы Қасымбаев Хасан деген мен боламын. Талғарда болған қайғылы оқиға, Шерзат деген баланың қазасына, туған-туысқандарына, әке-шешесіне қайғырып көңіл айтамын. Әрине, қиын. Ешқайсымыздың басымызға бермесін. Мен де бала тәрбиелеп отырған әкемін. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және отбасымның мазасын қашырды, – деді Хасан Қасымбаев.

Ол ешқандай қылмыстық топқа қатысы жоқ екенін мәлімдеп отыр.

Банда, ОПГ деп жатыр ондайға қатысым жоқ. Заң алдында ешқандай мәселе болмаған, сотталмағанмын. Әрине, інісі сотталған деп айтып жатыр. Інім 2017 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтініп сұраймын. Адвокат жалдадым, жалған ақпарат таратқан тұлғалардың бәрін заң бойынша жауап беруін сұраймын. Мен туралы айтылып жатқан ақпарат көп, заң бойынша арыздарын жазсын, – деді ол үндеуінде. 

Ол қылмыскерлер ұсталып, заң бойынша жазаларын алатынына сенімдімін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға