Жаңалықтар

ХҚКО қызметкерлері өздеріне қалталы азаматтарды мәліметтер базасы арқылы тапқан

ХҚКО қызметкерлері өздеріне қалталы азаматтарды мәліметтер базасы арқылы тапқан
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.07.2023 13:42 778

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері өздеріне қалталы өмірлік серікті қалай тапқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол «Голос народа» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Әбішевтің сөзіне қарағанда, бұл оқиға 2018 жылы болған. Астанадағы ХҚКО-ның екі қызметкері жұптарын әлеуметтік желі не танысуға арналған сайттар арқылы емес, Азаматтарға арналған үкімет порталындағы мәліметтер базасы арқылы тапқан.

Жүйеге кіруге мүмкіндігі бар ХҚКО қызметкерлері (бұл хакерлік емес) белгілі бір жас аралығындағы ер адамдарды іздеген, бұл кезде олардың көлігі, пәтері, жылжымайтын мүлкінің болуы және несиелерінің жоқтығы ескерілген. Ер адамдар шоғыры анықталған соң, оларды аты-жөндері арқылы әлеуметтік желіден тапқан. Олардың қайда демалатынын, қыдыратынын анықтап, уақыттарын сол жерде өткізе бастаған. Араға бір жыл салып өздерінің материалдық қажеттіліктерін толық өтей алатын жігіттерге тұрмысқа шыққан, - деді Әбішев.

Олардың мұндай әрекетке барғаны әшкере болғанымен, бұл жайт отбасыларын сақтап қалуға кедергі келтірмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға