Жаңалықтар

Хостелде зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Хостелде зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Фото: t.me/almaty_akimat 30.11.2023 18:10 862

Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт салдарынан зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек дәрігерлер қойған диагноздар аясында толық көлемде көрсетілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зардап шеккен төрт адамның жараларына алғашқы хирургиялық емдеу көрсетілді: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денелерінің түрлі бөліктері зақымданған. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ, бүгінгі күні бір пациент газдан улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, есін жиды және оған ем толық көрсетілуде, - деді Иран Шаметеков.

Сондай-ақ зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберілді.

Шәріпов көшесіндегі өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Хостелде барлығы 72 тұрғын болды, олардың 12-і студент. Хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға