Холанд «Манчестер Ситиден» кетеді. Қайда ауысатыны да белгілі
10.01.2024 11:28
Фото:
instagram.com/erling.haaland
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд маусым соңында ағылшын клубының сапынан кетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілші Франсуа Галлардо әлеуметтік желіде 23 жастағы норвегиялық ойыншының жазда «Барселонаға» кететінін жазды. Каталон клубы Холандтың трансфері жайлы осыдан біраз бұрын келісіп қойған. «Барселона» футболшыны 100 млн еуроға сатып алмақ.
Эрлинг Холанд Дортмундтың «Боруссия» клубынан «Манчестер Ситиге» 2022 жылы ауысқан. Биылғы маусымда 23 жастағы норвегиялық 22 матч өткізіп, 19 гол соқты, бұдан бөлек тағы бес нәтижелі пас берді.
Transfermarkt интернет-порталы оны 180 млн еуроға бағалайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

