Холанд араға 15 жыл салып Роналдудың жетістігін қайталады
02.09.2023 08:23
Фото:
instagram.com/erling.haaland
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд УЕФА-ның 2022/23 маусымының үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Ua-football.com-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол бұған дейін Англияның футбол журналистері қауымдастығынан және Кәсіби футболшылар қауымдастығынан да осындай сыйлықтар алған.
Бұған дейін бір жыл ішінде барлық үш марапатты жеңіп алған Англияның соңғы ойыншысы Криштиану Роналду болған. Португалиялық мұндай бірегей көрсеткішке 2008 жылы қол жеткізген.
Өткен маусымда Холанд «Манчестер Ситимен» требл жасаған болатын.
Эрлинг АПЛ мен Чемпиондар лигасындағы маусымның үздік бомбардирі болды. Ол сондай-ақ АПЛ маусымында қарсыластар қақпасына 36 гол соғып, рекорд жаңартты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

