ҚР ҰОК

Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеуде Австрияны жеңді

30.08.2024 20:30

Шайбалы хоккейден Словакияның  Братислава қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

D тобындағы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы екінші матчты Австриямен өткізді

Өте тартысты ойынның тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 

Алдымен Қазақстан құрамасының ойыншысы Дмитрий Бреус ойынның 2-минутында есеп ашып, команданы алға шығарған. 

Ал 43-минутта австриялық хоккейші Рафаэль Хербургер есепті теңестірді. 

Араға он минут салып Тамирлан Гайтамиров Қазақстан құрамасын алға шығарды. Есеп - 2:1. 

Қазақстан құрамасы матч соңына дейін осы басымдықты ұстап, топтағы екінші матчта жеңіске жетті. 

Қысқы Олимпиада жолдамасын топта жеңімпаз атанған команда ғана иеленеді. Қазақстандықтар шешуші  матчта Словакиямен өзара кім мықтыны анықтайды.