Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жолдама алды
15.12.2023 09:43
Фото:
Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Австрия құрамаларымен сарапқа салған еді. Төртінші турда қазақстандық хоккейшілер Жапонияны 3:1 есебімен ұтты. Ал Франция Австрияны - 7:4 Дания Венгрияны 3:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті. Төрт турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар ел құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Австрияға қарсы өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

