©Pixabay.com

ХОК Израильді жарыстардан шеттетуден бас тартты

Халықаралық олимпиадалық комитеті (ХОК) Израильді спорттық жарыстарға қатысудан шеттету туралы ұсынысты қабылдамады. Бұл туралы EFE-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Испания үкіметінің басшысы Педро Санчестің Газадағы қақтығысқа байланысты Израильді халықаралық турнирлерден аластау жөніндегі үндеуіне жауап берген ХОК Израиль мен Палестинаның ұлттық олимпиадалық комитеттері тең құқыққа ие екенін атап өтті. Екі тарап та Олимпиадалық хартияны сақтап отыр, сондықтан ХОК олардың екеуімен де ынтымақтастықты жалғастырып, Газадағы жағдайдың спортшыларға тигізетін салдарын азайтуға күш салатынын жеткізді.

15 қыркүйекте Санчес әлеуметтік желідегі жазбасында израильдік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына жол берілмеуі керек екенін мәлімдеді. Ол Ресей мен Израиль спортшыларына қатысты қолданылып отырған тыйымдардың әртүрлі екеніне назар аударды.