Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі апатқа ұшырады
15.01.2025 00:08
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, апатқа қшырады. Оқиға Бәйтерек ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыр көлік бір жағына қисайып құлап кеткен. Апат кезінде оның ішінде тетрагидрофуран сұйықтығы бар ыдыстар аударылып түскен. Абырой болған химиялық сұйықтықтар сыртқа төгілмеген.
ТЖМ қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады. Сондай-ақ жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуге және жүкті одан әрі тасымалдауға көмектесті. Операция сәтті аяқталды,-деп атап өтті ТЖМ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

