«Хиджабты шешпеймін»: Ресейде ирандық дзюдошы жарыстан шеттетілді
25.08.2023 15:30
Фото:
©ТАСС/Донат СОРОКИН
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстан ирандық спортшы қыз шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ирандық дзюдошы қыз Сабзкар Марзие 78 келіден жоғары салмақта сынға түсуге тиіс еді. Алайда ол татамиге шығарда хиджабын шешуден бас тартқаны үшін жарыстан аластатылды.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесі бойынша, хиджабпен татамиге шығуға тыйым салынады. Хиджабпен күрескенде жарақат алу қаупі жоғары, - деп хабарлады турнирді ұйымдастырушылар.
Бір қызығы, Марзие аталған турнирде мүлде күреспесе де, қола жүлдегер атанды. Себебі аталған салмақта небары 4 спортшы бақ сынаған. Дзюдо ережесі бойынша, қола жүлде екі спортшыға беріледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

