Жаңалықтар

«Хиджабқа қайтып келмеймін». Белгілі блогер орамалын не үшін шешкенін айтты

«Хиджабқа қайтып келмеймін». Белгілі блогер орамалын не үшін шешкенін айтты
Фото: видеодан кадр 29.09.2023 14:00 13688

Блогер Мира Маратқызы  «Қыздар-ай» бағдарламасында хиджаб киюге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Хиджаб кию – әр адамның таңдауы деп ойлаймын. Мен кезінде кидім, сосын шешіп тастадым. Ол кезде кішкентай болдым. Қазіргі уақытта менің хиджабқа қайтып келетін ойым жоқ. Алайда басқа қыздар кисе, оларды сыйлаймын. Көп қыздар әртүрлі себеппен киеді ғой негізі, - деді блогер.

Мира Маратқызы хиджабты қалай тастағаны жайлы айтып берді.

Орамалды 6 айдай кидім. Содан ауырып емханаға түсіп қалдым. Операция жасағаннан соң хиджабсыз жүрдім. Шынымды айтсам, кішкентай болғаннан кейін бе орамалға қайтадан оралмадым. Қазір жасым 22-де. Кейде орамал тағу туралы менде ой болады. Құрбым хиджаб киеді. Үйіне барған кезде киімін киіп көріп, қызығамын, - деді ол.  

Блогердің айтуынша, оның отбасының барлық мүшелері - мұсылман.

Анам және әкем иманы түзу адамдар. Менің татуировкаларым бар. Оған ата-анам қарсы болды. Қазіргі татуымның саны - 7. Хиджабты шешкенде ата-анам қуанды. Олар менің хиджаб кигеніме қарсы. «Сен періштесің. Ниетің түзу болса болды» деп анам айтқан еді, - деді блогер қыз.

Мира Маратқызының сөзінше, ол атеист емес. Блогер қыз жұма сайын анасымен жеті шелпек пісіріп, мешітке барып тұрады екен. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға