Жаңалықтар

«Хайуанаттар бағы емес». Сенатор Бишімбаевтың қай түрмеде екенін айтты

«Хайуанаттар бағы емес». Сенатор Бишімбаевтың қай түрмеде екенін айтты
Фото: Жоғарғы сот 14.11.2024 12:11 502

Осыдан бірер күн бұрын экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеде отырғанына қатысты мәселе көтерілген. Тіпті желіде оның қашып кеткені туралы да хабар тарады. Бүгін тілшілер сенатор Марат Қожаевтан Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқандығын растайтын ешбір фото не видеоның жоқтығының себебін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламаса, оны ешкім мәжбүрлей алмайды. Қарулы күштердің адамымын ғой, сондықтан дөрекі жауабым үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл хайуанаттар бағы емес қой. Ресми тұлғаларға сену керек, қазір ол Степногорскідегі колонияда жазасын өтеп жатыр, - деді ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға