YouTube/ONews kz

Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырып тастады

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот үкімін жариялауға жарты сағат қалғанда күтпеген жағдай болды – айыпталушы сот залындағы айыпталушылар кабинасының пластикалық әйнегін сындырып тастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Куәгерлердің айтуынша, оған Қасымбаев пен өзге айыпталушылардың журналистердің сот процесін залдан бақылап отыруына наразылығы себеп болған.

Мына жерден бәрін шығарыңдар! – деп айқайлаған Қасымбаев ашу үстінде кабина әйнегін жұдырықпен ұрған. Әйнек қирап, сынықтары залға шашыраған.

Осыдан соң сот қызметкерлері журналистер мен операторларды залдан шығарып жіберді.

Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі бұл шараның «БАҚ өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін» қабылданғанын айтты.

Айта кетсек, сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып ақша бопсалау баптары бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік режиміндегі колонияда өтейді.