Жаңалықтар

Халықты қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды

Бұл туралы ҚМДБ мәлім етті
Халықты қажылыққа апаратын 18 туроператор белгілі болды
Фото: baq.kz 13.02.2023 17:03 1445

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 2023 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаратын 18 туроператордың тізімін жариялады. Құжат тапсырған 20 туроператордың екеуі (Safar Like Travel және Zam-Zam Company) байқаудан өте алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстанға 4 мың қажылық орнын бөлген.

Қазақстандықтарды 2023 жылы қажылыққа апаратын туроператорлар: 

  • "Хикмет Тревел" ЖШС – 350 орын;
  • "Атлас Туризм" ЖШС – 340 орын;
  • Tawaf Travel ЖШС – 330 орын;
  • Mina travel ЖШС – 260 орын;
  • Sanabl kz ЖШС – 250 орын;
  • "Қызмет Саяхат" ЖШС – 225 орын;
  • Qazaq Travel ЖШС – 225 орын;
  • "Хидаят-Нур" ЖШС – 225 орын;
  • Nurkhan travel ЖШС – 225 орын;
  • "Ордабасы-НЖ" ЖШС – 225 орын;
  • "Сембекова" ТС – 225 орын;
  • "Ал-Маруа" ЖШС – 180 орын;
  • Delta Tour ЖШС – 180 орын;
  • Robinzon KZ ЖШС – 180 орын;
  • "Нұр-Қазақстан" ЖШС – 180 орын;
  • "Иман Travel Тур" ЖШС – 140 орын;
  • Dostik travel ЖШС – 130 орын;
  • Qazaq Sapar ЖШС– 130 орын. 

"Қажылық орындарын бөлу үшін қоғам және дін қайраткерлері мен қажылық саласына қатысы жоқ діни қызметкерлерден құралған арнайы комиссия мүшелерін ҚМДБ төрағасы бекітті. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін "Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу" туралы ҚМДБ ережесі негізге алынды", – делінген діни басқармасының ресми хабарламасында.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға