Жаңалықтар

Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады

Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады
Фото: pixabay.com 16.03.2023 14:58 884

Әлеуметтік кодексті әзірлеу – халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін құру жөніндегі мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды шешімдері мен нәтижелерінің бірі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік кодекс әр түрлі заңнамалық актілердің орнына әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі болмақ. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Ләззат Қалтаева мәлімдеді.

 Сенатордың айтуынша  әлеуметтік кодекстің негізгі басымдықтары халықты жұмыспен қамтуды ынталандыру және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

«Жүргізілген реформалардың нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылады және әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлінеді», деді сенатор.

Жалпы Әлеуметтік кодексті қабылдау бірлескен жауапкершіліктің рөлін күшейтуге, әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды шешуге, әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесіне алдын алу тәсілді енгізуге ықпал ететін болады.

«Әлеуметтік кодексті іске асырудан көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қорғалу дәрежесін арттыру, сондай-ақ олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау күтіледі», деді Ләззат Қалтаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға